Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кино әлемі

c 10:17, 20/10/2020 c 561

0:00 / 0:00

Елде кино әлемі пандемия салдарынан үлкен шығынға тап болып отыр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстандағы кинотеатрлар ашылады деген шешім кейінге шегерілгенін айтты. себебі, елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты кинотеатарлардың жұмысын жанжандыруды әзірге тоқтата тұруға тура келеді. Министрдің айтуынша, кинотеатрлар 20 миллиаррд теңгег шығынға батып отыр.

Қауіпті індеттің таралуы барысында ел бизнесі ақсап қалды. Карантин талаптары жеңілдеп, жұмыс жанданғанымен. Қызметін жалғастыра аламй отырған салалар баршылық. Соның бірі кинотеатрлар. Ведомствоаралық комиссия санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, театрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берді. Театрға келушілер санына шектеу бар. Сол сияқты кино саласының қызметкерлері де кәсіпкерлер палатсына шығып, шағымдарын айтып, рұқсат беруді талап етуде. Пандемия салдарынан  жұмысы тоқтап тұрған  кинотеатрлар 20 млрд теңгеге шығынға батқан. Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрлардың қайта ашылуын қарастырып жатырмыз деген болатын. Алайда, мәдениет министрі бұл шаруа кейінге шегерілгенін айтады. Себебі, кинотеатрлар адамдар көп жиналатын жер болғандықтың вирустың өршуіне себеп боулы мүмкі.

Ақтоты Райымқұлова – ҚР мәдениет және спорт министрі "Шыны керек, кинотеатрлардың жұмысын жалғастыру алгоритмін қарадық, олар жұмысын қауіпсіздік шарасын сақтай отырып қайтадан бастауға дайын болды. Осыған жауапты жергілікті билік органдары олардың жұмысын бастауға дайын екенін жеткізді. Бірақ, өкінішке қарай, эпиджағдайдың деңгейі. Елдің бас санитар дәрігері мен ДСМ кинотеатрлардың ашылуына әлі ерте деп санайды. Біз эпиджағдай түзеліп, кинотеатрлар ашылады деп сенеміз. Біздің мәліметтер бойынша, бүгінде кинотеатрлар 20 миллиард теңгедей шығынға ұшыраған. Өкінішке қарай, осындай сандар"

Кино әлемінде тағы бір мәселе. Өдеріңізге белгілі Ұттық кино орталығы басшысының сыбайлас-жемқорлыққа қатысты аты шығып отыр. Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Гүлнәр Серсеноваға қатысты тергеу жүріп жатыр. Алайда, орталық басшысы бүгіні күні өз лауазымын атқаруда. Неге  жемқорлықпен басы дауға алған  Сәрсенова қызметінен кетпей отыр деген сауал туындайды.

Ақтоты Райымқұлова – ҚР мәдениет және спорт министрі "Сот әлі өткен жоқ. Ал заң бойынша тергеуде жүрген адам өз еркімен кетпесе, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Ол қызметінен кеткен жоқ. Сот шешімі шыққанша кінәсіздік презумпциясы сақталады. Ал кінәлі деп танылған кезде нақты шаралар қабылданады».

Сот Гүлнар Сәрсенованың жемқор деп  тапса, ол жылы орнын босатып, кино орталығына жаңа басшы конкурс арқылы таңдалады.  Бұл орынға лайық азаматтар баршылық дейді министр.  Еске сала кетейік,  ағымдағы жылдың  мамырдың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының төрағасы Гүлнәр Сәрсенова. мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып отыр деп хабарлағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.