Батыс Қазақстанда жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі көз жұмды. Оқиға 18 қазан күні сағат 15.20 шамасында Ақжайық ауданында болды. «Атырау-Орал» жолының 239-шақырымында Алмалы ауылының тұсында Toyota Camry жеңіл көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысты. №20 өрт сөндіру бекетінің күшімен жеңіл көлікке қыстырылып қалған 34 жастағы жүргізуші мен жолаушы шығарылды. Жүргізуші ауыр жарақаттан сол жерде қайтыс болды. Ал жолаушы Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жедел жеткізілді.