Орал да құрғақ шөп тағы да отқа оранды. 18 қазан күні сағат 18:40 шамасында 2 гектар болатын құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау Шаған өзені бойында орын алған. Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 5 арнайы техникасы, жеке құрамның 23 қызметкері, 2 мотопомпа жұмылдырылған. Өрт сағат 22:10 шамасында толығымен сөндірілді.