Орал қаласында 16 қазан күні сағат 16:00 шамасында Сарайшық көшесі мен Шаған жағалауы қиылысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен "Тойота камри" маркалы темір тұлпар тоқтатылды. Жүргізуші күдікті көрінген соң тексеру орталығына жеткізілді. Нәтижесінде 1985 жылғы Л. есімді азамат есірткі тектес затты қолданғаны анықталды. Көлікте болған 1968 жылғы жолаушы да есірткі қабылдап масаң күйде болған. Оны тексеру кезінде қалтасынан жасыл түсті есірткі тектес сіріңке қорапшасы табылды. Енді есірткімен есіріп жүріп көлік басқарған жүргізуші де, елуді еңсерген азамат та заң алдында жауап беретін болады.