0:00 / 0:00
Орал қаласының тұрғыны Людмила Шестернева жомарт жандардан көмек сұрайды. Әйел адамның жүрегіне 2015 жылы ота жасалған. Бір жылдай науқастың жағдайы жақсарғандай болған екен. Бірақ кейін денсаулығы қайта сыр бере бастайды. Содан бері Людмила Викторовнадан маза кетіп, дәрігерлердің қабылдауында жиі болады. Енді ақ халаттылар науқасты Нұр-сұлтан қаласына квота арқылы жөнелтпек.
Бұл-58 жастағы Орал қаласының тұрғыны Людмила Шестернева. 2015 жылы оның жүрегіне ота жасаған. Отадан кейін денсаулығына жақсарады. Алайда араға бір жыл салып әйел адамның денсаулығы қайтадан сыр бере бастайды. Міне, 4 жылдан бері кейіпкеріміз түрлі дерттен сауығу үшін уыстап дәрі ішеді.
Денсаулық сақтау басқармасының берген ақпарына сүйенсек, Шестернева шын мәнінде №1 емхананың есебінде тұр. Ертеректе, оған екі мәрте денсаулығын тексеру квота беру ұсынған. Квота аясында науқастың жолы төленіп, тегін тексерістен өтеді. Бірақ кейіпкеріміз отбасылық жағдайына байланысты бара алмаймын деп жауап қатқан. Людмила Шестерва қаражатым болмағасын бара алмай отырмын. Өзім жалғыз жүрсем үйімді таба алмай қаламын. Алып шаһарға қызыммен бірге барғым келеді,-дейді.
Көмек сұраған кейіпкерімізге жәрдемдескіңіз келсе, 8747-393-82-47 хабарласуға болады.