Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Игерілмеген 20 миллиард

c 10:04, 14/10/2020 c 487

0:00 / 0:00

Қазына қаржысының дұрыс атқарылмау фактісі тағы тіркеліп отыр. Ресупбликалық бюджеттің 20 миллиард теңгесі игерілмей қалды. Соның ішінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы, Мәдениет министрлігі, Бас Прокуратура, қарджы нарығын ретету агенттігі, цифрлық даму министрлігі миллиардтарды игермегендер тізімінде тұр. Бұл жайында үкіметтің онлайн отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Республикалық бюджеттің атқарылу барысын саралауда қазынадан бөлінген қаражаттың игерілмей қалу дерегі жылда орын алады.Бұл бір дәстүрег айналған үрдіс болды. Ол үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де қарастырылған. Алайда, баяғы жартас сол жартас. Үкіметтің отырысында еліміздің бас қаржыгері осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 20 миллиард теңгені игермегенін айтты.

Сондай-ақ, облыстар да бюджет қаражатын толық игеріп үлгермей жатыр. Биыл өңірлерге 2,3 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделгенді.  1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5%-і игерілсе, 8 миллиард теңге атқарылмаған. Оның 2 миллиард теңгесі үнемделген ақша болса, 6 миллиард теңге игерілмей қалды.

Қаржыны ең көп игермеген өңірлер қатарында Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бар. Батыс өңірлері мұнай-газ секторындағы өндіру көлемі бойынша да төменгі көрсеткіште тұр.

Дегенмен, премьер-министр  пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, ел экономикасында көрсеткіштер біртіндеп өскен деді. Үкімет пен әкімдердің алдында

жыл соңына дейін бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жоспарды жүз пайыз орындау міндеті тұр.  Ал игерілмеген миллиардтар бойынша министрліктер  мен әкімдіктер үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет. Әйтпесе, оларға пайдаланылмаған ақшаны жыл соңына дейін бюджетке қайтаруға тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.