Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құс тұмауы

c 10:02, 14/10/2020 c 748

0:00 / 0:00

Елде орын алған құс тұмауынан 330 мың бас құс қырылды. Жалпы  Қазақстандағы 64 құс фабрикасының екеуінде құс тұмауы тіркеліп, 7 облыстағы 78 елді мекенде карантин енгізілді.Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері құс фабркиаларында ветеринарлық-санитарлық норма сақталмайтынын айтады. Ал құс өсірушілер одағы министрлік құс тұмауына қарсы вакцина салғанда, мыңдаған құс қырылып қалмас еді деп отыр.

Кәмі кінәлі? Елде орын алған құс тұмауы  құс фабрикалары үшін үлкен шығын әкелді.Республиканың жеті бірдей өңіріндегі 78 елді мекенде құс тұамуының өршуіне қатысты карантин енгізілді.  Тұмау салдарын қырылған құс басының сатитстикасы әртүрлі.. Ауыл шауашылық министрлігі өкілдері 330 мың құс басы қырылып қалды дейді. Тексеріс барысында жекелеген құс фабрикаларында ветеринарлық-санитарлық норма сақталмайтынын  тіркелді. Құс фабрикасының аумағында жабайы құстардың болуы да осы тұмаудың өршуіне себеп.

Ал депутаттар тұмаудан қырылған құстардың саны тым көп, миллионға жуық құс өлді деп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстанда 500 мың құс тұмаудан қырылды деген мәлімет ұсынады. Сенаторлар құзырлы орган қырылған құс басы үшін төленетін өтемақыны бермеу үшін, статистиканы азайтып отыр деген пікірлерін айтқанды. Құс шаруашылығының одағы болса, құс тұмауының орын алуына ауыл шаруашылық министрлігін кінәлап отыр. Себебі, құзырлы орган дер кезінде құс тұмауына қарсы вакцина жасамаған. Соңғы рет елде 2005 жылы құс тұмауы тіркелген болатын. 15 жылдан бері бұл мәселе ұмыт қалған. Негізі бюджет қаражатына құс фабрикасынан 20 шақырым жердегі ауладағы құстарға вакцина салынады. Бірақ соның өзі жасалмаған.

Руслан Шәріповтің айтуынша, көрші Ресейде құс тұмауына қарсы салынатын екпе құны өте арзан. Бірақ тапшы, сондықтан оны алдырудың өзі қиын. Ал Қазақстанда  отандық вакцинаны ғана сатады. Алайда оның бағасы екі есе қымбат. Құс тұмауының салдарынан елде құс басы әлдеқайда азайып, миллиардқА жуық жұмыртқа ала алмаймыз. Ал тапшылық, жұмыртқа бағасының қымбаттауына әкеп соғуы да мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.