Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазына қаржысы бақылауда

c 17:49, 08/10/2020 c 592

0:00 / 0:00

«Батыс қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы»  АҚ инвестициялық бағдарлама аясында бөлінген қаражатты 100 пайыз игерген. Бұл туралы бүгін  монопалистер ұйымдастырған пресс турда  белгілі болды.«Батыс қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы»  АҚ-на инвестициялық бағдарлама аясында 2016-2020 жылдар аралығында  1 млрд. 605 млн теңге бөлінген. Электр таратушы компания жұмысын оңталандыру және сапалы қызмет көрсету мақсатында осы жылдар шінде бірнеше вакумды ажыратқыш алынған. Олардың бір-біреуі 16 млн. теңгеге бағаланады. Қазақстанда құрастырылған жабдықтар жұмысты екі есе қысқартуға мүмкіндік береді. Электр желілеріндегі ақауды 10 минут ішінде анықтап, тұйықталу мәселелерінің алдын-алады.АҚ мамандарының айтуынша 2025 жылға дейін осындай бірнеше вакумды ажыратқыш алыну жоспарда тұр. Мұндай құрылғылардың 18-і аудандарға орнатылған. Сонымен қатар жылына 10 шақырым ауа және кәріз желілері ауыстырылады. Соның нәтижесінде қолайсыз ауа райы немесе өзге де табиғи факторлар әсерінен болатын проблемалар шешілген. Монопалисттер алдағы уақытта өзге де инвестициялық бағдарлама аясында жұмыс жасайтын компаниялар жұмыстарының мөлдірлігіне көз жеткізу бағытында осындай шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы қосалқы станцияларды пайдаланудың сенімділігін арттырады, жабдықтар мен аппаратуралардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Сондай-ақ, бұл жұмыстар желілердің апаттылығын азайтады, қаланың тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.