0:00 / 0:00
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ішінен қашықтан оқыту сыныбы ашылды. Енді ем алып жатқан оқушылар тиісті медициналық шара жүргізілген соң мұғалімдерімен байланысқа шығып оқу бағдарламасын меңгере алады.
Балалар ауруханасындағы емделушілер үшін эпидемиологиялық ахуалға дейін №20 мен №30-шы жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері белгіленген уақытта емделушілерге мектеп бағдарламысынан түсіндіріп арнайы кестесге сай білім беретін. Бүгінгі таңда сынып компьютерлермен жабдықталып, қашықтан оқуға жағдай жасалыпты. Сауықтыру шараларына кедергі келмес үшін оқушылар сыныпқа ем алып болған соң ғана кіре алады және мұғалімдерге алдын ала ескертіледі.Жылына облыстық балалар ауруханасынан 8 мыңға жуық бала түрлі медициналық көмек алатын болса бүгінгі күнге дейін 5 мыңнан аса 18 жасқа дейінгілерге ем жүргізілген.Бұдан бөлек аурухана қабырғасында неврологиялық бағытта сауықтыру орталығы жұмыс жасайды. Бүгінгі мәлімет бойынша емдеу нысанында 180 балаға көмек көрсетілуде.