0:00 / 0:00
Облыстық жедел штабтың шешімі бойынша, ауа райының жылы болуына қарамастан қалада коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында жылыту маусымы мерзімінен ерте басталып отыр. Қазіргі уақытта облыс орталығы аумағындағы жылу желілері мен қамту нысандары жылыту маусымына дайын. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылыту қазандықтарындағы суды қыздыру жұмыстары басталды.
Күн райының салқындауына байланысты Орал қаласында жылу беріле бастады. Алайда жылыту қазандықтары толықтай қызғанша екі үш күн уақыт жылудың берілгені байқалмауы мүмкін. Ал көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы 92 пайыз болып тұр.Қазір трассадағы жылудың орташа температурасы 65-70 градус, 90 градусқа жетуі керек. Көппәтерлі үйлердің көбі жылу маусымына дайындық құжатын тапсырған. Кәрі құдаң қыс келетін уақыт таясада да бұл мәселеге бас қатырмай отырған ПИК бар екен. Қазіргі уақытта тұрғындардың жылуға берешегі 350 млн теңгеден асып тұр. «Батыссуарнасы» мекемесіне 200 млн теңгеден аса бережақ бар.Берешектерді төмендету бойынша коммуналдық кәсіпорындар өз жұмысын жасауда. Ал қаладағы денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары жылыту маусымына толық дайын.