Ұстаздарға мың алғыс! Қаламызда ұстаздар еңбегін елеп, үздік мұғалімдерге қошемет көрсетуге арналған шаралар жалғасып жатыр. Қала әкімі Абат Шыныбеков оралдық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шара жастар мәдениет үйінде өтті. Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы педагогтердің еңбегін атап өтіп, атқарған еңбектеріне алғысы мен тілегін жеткізді. Қазіргі таңда Орал қаласында 7000-нан астам ұстаз білім беру мекемелерінде қызмет жасауда. Қалалық білім ошақтарында Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен маратпатталған 9 ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздіктері мен ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек етуде. Биыл 126 жас маман білім саласында қызметін бастаған.