Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өтемақы қашан өтеледі?

c 09:46, 02/10/2020 c 708

0:00 / 0:00

Денсаулық сақату минситрі елдегі эпидемиологяилық ахуалды баяндады. ОКҚ өткен брифингте министр Алексей Цой дәл қазір  Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын айтты. Бүгінде елде 107 979 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. ПТР тест нәтижесі бойынша соңғы тәулікте 71 адамнан вирус анықталған. Ем қабылдап жатқандар саны 3308, ал аурудан айығып шыққандар 95,3%-ға жетті. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны – 1700-ден асты, - деді ол. Ал 33 мыңға жуық коронавирус пневмониясы анықталып, 355-і науқас қайтыс болды.Министр мекемеаралық комиссия 5 қазанынан бастап өзге елдермен әуе қатынасын қысқарту, әзірге әуе қатынасын жаңғыртуды тоқтата тұру туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігін баяндаған министр Цой,  елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты дейді. Денсаулық сақтау министрлігі  Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын екенін хабарлап отыр.Ковидпен күреске барлық емханада дәрі-дәрмек бар деп сендіреді. Өздеріңізге мәлім, бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқып жатыр. Өкінішке орай, елде кезекші сыныптағы балалар арасында коронавирус жұқтырудың 36 оқиғасы тіркелді. Сонымен қатар мектепке бармай, қашықтан оқып жатқан балалар арасында ковид тіркелді. 73 оқушы ауырған. Ал министрлік басшылары елде карантин талабы қашан күшейтілетінін нақты айта алмады.

 Өз кезегінде министр Цой тек шетелдердегі жағдайдың ушығуына қатысты, мекемеаралық комиссия 5 қазанынан бастап өзге елдермен әуе қатынасын қысқарту,  әуе қатынасын жаңғыртуды тоқтата тұру туралы шешім шығарғанын хабарлады. Ал қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандардың ковидпен ауыруы көп тіркелді. Коронавирус және пневмониямен ауырған 12 830 медицина қызметкері тіркелді.

Алексей Цой – ҚР ДСМ « Оның ішінде 8 339 жағдай кәсіби қызметпен байланысты. Өңірлік комиссиялар 8 320 жағдайды тексеріп, оның 67%-ын растады. Жалпы, бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің 88%-ы немесе расталған жағдайлардың жалпы санының 3 454-і коронавирус ауруы бойынша өтемақы алды.Пандемия басталғалы бері Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылды».

Ал қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу мәселесі кешеулідеп жатыр. Әзірге тек  36 отбасы ғана өтемақы алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.