Еліміздің Ұлттық банкі 2006 жылығы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік купюраларды айырбастау мерзімінің аяқтала келгенін тағы да еске салады. Аталмыш ақшаларды 3-ші қазанға дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне алмастырып алуға болады. 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанынан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы ақпарат бірнеше мәрте БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Аталмыш ақшаны еліміздің әрбір облыс орталығында орналасқан Ұлттық банктің филиалдарынан алмастыруға болады.
2006 жылғы банкноттарда адамның қолы бейнеленген.