0:00 / 0:00
Шаған мен Подстепный елді мекендерінде көп пәтерлі үйлердің құрылысы қарқын алған. Мәселен, Тоқпайдағы бой көтерген тұрғын үйлер құрылысы 60 пайызға аяқталыпты. Құрылысшылар жоспар бойынша алдағы жылдың сәуір, мамырында пайдалануға берілетін баспаналар мерзімінен бұрын аяқталады,- дейді.Подстепное ауылындағы Тоқпай деп аталып кеткен бұл ауданында келешекте сәулеті мен келбеті келіскен су жаңа көп қабатты ғимараттар бой көтеретін болады. Бүгіннің өзінде 3 қабатты көп пәтерлі 20 үйдің құрылысы басталған. Нақ осы аудан арқылы төрткүл дүниеге әуе кемелеріміз ұшып кетіп, келушілер де осы аудан арқылы өтеді. Яғни қала қонақтары «Алматы», «Нұр - Сұлтан», «Атырау» қалалары секілді бірден қала тіршілігіне еніп кететін болады. Басты ерекшелік те осы болып отыр.Аталған тұрғынжайлар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтеруде. Бүгінде 20 үйдің құрылысы аяқтала келген. Қазір коммуналдық желілерді тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ауданның 50 азаматы жұмысқа тартылған. Ал абаттандыру жұмыстары келер жылдың еншісіне қалып отыр.