Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отқа оранды

c 17:18, 30/09/2020 c 550

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде бес үйдің қорасы өртенді. Оқиға Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды. 30-қыркүйекке қараған түні сағат 00.41-де ауыл тұрғынынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Мұнайшылар көшесі 1-мекенжайда 9 тонна пішен күлге айналды. Тәуелсіздік көшесі 21/А-мекенжайында 120 шаршы метрді қамтыған шаруашылық құрылысы, 1 тонна жем (бидай) мен 15 тонна пішен отқа оранды. Оқиға орнында аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлері мен өрт сөндірушілерден штаб құрылған.Алдын ала жорамал бойынша өрт қасақана от қоюдан шыққан. Қазіргі кезде нақты себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде. Өрт салдарынан жапа шеккен тұрғындар қызыл жалынның адам қолымен тұтанғанына сенімді.
Ауа райының тымық болуы себепті ауылдағы тұрғынжайларға зиян келмеген. Алайда осыдан екі ай бұрын шілдеде екі үйдің мал азығы сақталған орыны бір мезетте жанып кетіпті. Ауылдық ағайын биылғы маусымның құрғақ болуына байланысты жиған-тергендерін жем-шөпке салғанын айтады. Өкінішке орай, мал азығы ән сағатта күлге айналып отыр.Пионер көшесі 26-үй 1-пәтерде 60 шаршы метрді қамтыған, құжаттары жоқ шаруашылық құрылысының төбесі және 12,5 тонна пішен өртенді. Ә.Молдағұлова көшесі 6-үйде 100 шаршы метр құжаттары жоқ шаруашылық құрылысы, 9,6 тонна пішен және 1 бас ірі қара жанып кеткен. Құрылысшылар көшесі 2-үйде 80 шаршы метр құжаттары жоқ шаруашылық ауласы, 20 тонна сабан, 7 торай, 12 күркетауық және 15 тауық өрт құрсауында қалды. Өрт сағат 06.41-де оқшауланып, 08.38-де сөндірілді.Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 өрт бөлімшесі, 8 техника, 30 қызметкер жұмылдырылған.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда үш адамның газдан уланып, ауруханаға жеткізілгенін айтқан болатынбыз.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.