0:00 / 0:00
Қазақстанда азаматтығы белгісіз 6 мың адам тұрады. Халықаралық ұйымның жүргізген зерттеулер нәтижесі осындай. БҰҰ Босқындар істері жөніндегі басқармасының Қазақстандағы құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Шолпан Олжабаеваның айтуынша, елде 6 мыңға жуық адамдың азаматтығы белгісіз болып отыр. Олардың арасында әлі күнге дейін Кеңес дәуірінен қалған қызыл төлқұжатпен жүргендер бар.Бұл жайында бүгін өткен Ішкі сітер министрлігінің онлайн брфиингі барысында мәлім болды.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл болды. Алайда, елімізде осы күнге дейін кеңес дәуірімен қоштаса алмай жүргендер бар екен. БҰҰ жүргізген зерттеуі көрсеткендей, Қазақстанда 6 мың адамның азаматтығы белгісіз болып отыр. Олардың арасында қызыл паспортпен жүргендер қаншама. ІІМ өткен брифинг барысында халақыралық ұйымның өкілі, мыңдаған адамның құжатын ретке келтіре алмай жүргеніне не кедергі болғанын айтты.
Шолпан Олжабаева – БҰҰ босқындар істері бойынша қазақстандағы қызметкері «Бізде ресми түрде мұндай статистика жоқ. Кезінде бұл адамдар қандай да бір себептермен паспортты ауыстыру, Қазақстан азаматтығын растау бойынша мемлекеттік органдарға жүгіне алмады. Олар шалғай ауылдарда тұрады, бірақ біз азаматтығы белгісіз 6 мыңға жуық адамды анықтадық. Олардың ішінде әлі күнге дейін қызыл паспортпен жүргендер бар»
Олжабаеава бүгінгі таңда Қазақстанда Кеңес Одағы кезінде берілген паспортпен қанша адам өмір сүретіні туралы нақты статистика жоқ дейді. Дегенмен, кеңес дәуірінде тұралап, өмірдің ағысынан қалып қойғандар бар. Бұл азаматтар балаларын жоғарғы оқу орындарында оқыту, мемлекеттік қолдау сияқты мүмкіндірге қол жеткізе алмай отыр. Яғни азаматтығы, құжаты жоқтар көзге көрінбейтіндер деп саналды.
Денис Дживага – адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары «Бізден көмек сұрап, жүгінген адамдардың 60%-ы – кейіннен өз мәртебесін растаған Қазақстан азаматтары. Одан басқа, 10%-ы Қазақстан азаматы емес, азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін алады. Сондай-ақ алты мың адамның 30%-ы басқа елдердің азаматтары, яғни олар мигранттар деп айтуға болады. Көршілес Ресей,Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Белорусь елдерінің азаматтары»
Еліміздің Көші-қон қызметі комитетінің деректеріне сүйенсек,, 2020 жылдың соңғы сегіз айда КСРО паспортымен жүрген 867 адам жаңа құжатқа қол жеткізді. Ал 2019 жылы бұл сан 1 727 адамды құрады.