Орал қаласында жүргізуші куәлігін жасап берем деген алаяқ қолға түсті. Полиция қызметкерлерінің келтірген дерегіне сүйенсек, күдікті азамат делдалдық қызметі үшін 50 мыңнан -200 мың теңге аралығында ақша сұраған. Қазіргі таңда азаматтарды алдап соққан ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалыпты. Күдікті тергеу изоляторында отыр. Құқық қорғаушылар аталмыш ер адамнан зардап шеккен жандардан Абай полиция бөліміне шағымдануды сұрайды.
Сурет ғаламтордан алынған