0:00 / 0:00
"Ардагер" клубының негізі 2009 жылы қаланған. Осы кезге дейін ғимарат іші салқын, сырты жұпыны еді. Міне, қаржылай қолдау тауып, күрделі жөндеуден өтіп, қайта қолданысқа беріліп отыр. Орталық көнекөз қариялардың бас қосатын орны. Көрген-білгені көп, өмір тәжірибесі жас буынға тәрбие беретін қазыналы қарттар ел ішінде аз емес. Осы орталықта солардың басы бірігеді,- дейді орталық жетекшісі.
Келешекке өшпес өнеге қалдыруды мақсат тұтқан аға буынның игі істері жетерлік. Орталықта өнерлі ардагерлер өте көп. Республикалық, облыстық деңгейде түрлі сайыстарда топ жарып жүргендері де кездеседі. Бірі – әнімен, бірі қолөнерімен жалпақ жұртқа жақсы таныс. Соған дәлел ағалар әуені вокалдық тобы. Мүшелері бүгінде талай жарыстардың жеңімпазы. Олар сөз арасында орталықта орынның тарлығын айтып қалды. Кең орталық салып берсе, алдағы күндерде ән мен жырдан бөлек, ұлттық өнерді сақтап, оны дәріптеу жолында еңбек етіп жүрген шебер ардагерлерді аталмыш клубқа жинайтын боламыз дейді қария.
Әзірге клубта 100 ардагер бар. Белсенді қариялардың қатары көбейетіндігіне сенімдімін, – дейді шараға қатысқан шаһар басышысы.