0:00 / 0:00
Ағымдағы жылдың 8 айында 238 мың адам жұмыспен қамтылған. Енді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлемнің мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр. Егер елде карантин қайта енгізілсе, қазақстандықтар жұмысынан айырылып, табысы азаюы мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болуымыз қажет, дейді министрі Нұрымбетов. Бүгін еңбек министрі Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында жұмыссыздықпен күрес мәселесі бойынша есеп бергенді.
Триллион теңге жұмыспен қамтуға бағытталған. Үкімет жұмыссыздықпен күресте халықты қайта оқытып, жаңа жұмыс орнын құру, ауылдықтарды еңбекке тарту сияқты тартымды жобасын ұсынуда. "Жұмыспен қамту жол картасын" жалғастырып, инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру , "Еңбек" бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарын көбейту шаралары жоспарлануда. Ал мәселе іске келгенде оның жүзеге асуы қиындап отыр. Ауылдықтар үшін бизнес ашу үшін жеңілдетілген несиеге қол жеткізу кедергілері орын алған. Кепілдікке мүлігін қою проблемасы тұр. Еңбек министрлігінің еңбекке тарту бағдарламасы қанша тартымды болғанымен, жұмыспен қамту орталықтарында орын алған заң бұзушылықтар бұған кедергі болып отыр. Бүгінде елімізде 200 жуық жұмыспен қамту орталығы бар.
Министр жалған жұмысқа орналастыру мәліметтері болғанын жоққа шығармады.
Еңбек министрі депутаттарды жұмыспен қамту туралы жоспарымен сендіре алмады. Мәжілісмен Косарев шикізатты сыртқа тасымалдамай, ел ішінде өндірісті дамытып, жұмыс орнын құруды ұсынды.
Владислав Косарев – ҚР ПМД «Біз жұмыс іздеп жүрміз. Оны қайдан табамыз? Министрдің бұған жауабы жоқ. Неге еңбек министрлігі жүн, тері шикізатының өнеркәсібін қолға алмайды?Сіз еңбек етуге шақырасыз, ал ол жұмыс қайда?»
Бұл ұсынысты орындау менің қолымда емес деп құтылды министр.Ал коронавирустың екінші толқыны басталып, елде қатаң карантин жарияланса, 2 миллион 200 мың адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін дейді Біржан Нұрымбетов.
Осынша адамның жұмыс уақыты қысқарады немесе ақылы/ақысыз демалысқа шығады деп болжанып отыр. 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қазір жұмыссыздық деңгейі 5%-ке дейін артты. Яғни 450 мың адам жұмыссыз отыр. Алайда, министрдің бұл дерегі депутаттардың мәліметімен сәйкеспеді. Еңбек ресусртары орталығының сатистикасына сүйенсек, елде 735 мың адам жұмыссыз қалды.