Күні бүгінге дейін БҚО-да төрт түлігін қараусыз қалдырғаны үшін 27 тұлғаға 266 мыңнан астам айыппұл салынған. Тағы 35 азамат ескертумен құтылған. Ветерания саласының мамандары тұрғындардан малдарын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Себебі үй жануарлары жолға шығып, жол көлік оқиғаларының себепкері де болып жатыр. Сонымен қатар шаруалар төрт түлігін бірдейлендіруі шарт. Аталмыш рәсім сырғалау, таңба басу немесе чиптеу тәсілі арқылы жүзеге асады.