Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұтынушы құқығы

c 21:05, 22/09/2020 c 503

0:00 / 0:00

Қазақстанда тұтынушы  құқығы қорғалған ба? Үкіметтің онлайн отырысында тұтынушылардың мүддесін қорғау мәселесі талқыланды. Биылғы 8 айдың ішінде уәкілетті органға қызметтер мен тауарлардың сапасы бойынша 8 мыңнан астам шағым түскен.  Шағымдар бойынша тұтынушылардың 80 пайызының мәселесі шешілді. Дегенмен, тұтынушы құқығын қорғау мәселесі дамыған елдердегідей жолға қойылмаған. Қызмет көресту сапасына қатысты шағым көп түседі.

Тұтынушы – жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға  тапсырыс беруші немесе оны сатып алушы.

Алайда, бізде тұтынушыға қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Өз ақшасына сапалы қызмет көрсетуді талап еткен адамдың әрекетін дұрыс түсінбей жататындар да бар. Шағымданған адамды кім жақсы көрсін. Алайда сын түзелмей, мін түзелмейді дегендей шағым жасалған  жағдайда ғана қыземт көрсету сапасы арттыруға тырысып жатады. Ағымдағы жылдың тек сегіз айында тұтынушылардан 8 мыңнан аса шағым түскен. Үкімет басшысы Асқар Мамин тұтынушылардың құқығын қорғауда  Германия, Сингапур, Жапония сияқты елдердің тәжірибесін ескеруі керек деді. Бізде қарапайым сауда орнына барған тұтынушыға қызмет көрсете алмайтын саудагерді жиі кездестіресің. Немесе тамақтану орындарындағы сапасыз қызмет,  азаматтардың сапалы медициналық көмек ала алмауы, турзим саласындағы олқылықтар тізе берсек жетерлік.

Сауда министрі елде  қоғамдық ұйымды біріктіретін ұлттық тұтынушылар қауымдастығын құру жоспарланып отырғанын  айтты. Кәсіпкерлер палатасы бұл бастама көлеңкелі экономиканы жоюға мүмкіндік береді деп отыр.

Үкімет отырысында премьер-министр  Асқар Мамин қоғамдық ұйымдардың бірлестігін құру қажеттілігі туралы ұсынысты қолдап, бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.Құзырлы органдарға тұтынушылардың мүддесін қорғаудың  біртұтас жүйесін жасап,   1 қарашаға дейін енгізуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.