Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжолдың жолы

c 21:04, 22/09/2020 c 596

0:00 / 0:00

«Ақ жол» партиясы алдағы парламенттік сайлауда бүгінгіден екі есе көп көрсеткішке қол жеткіземіз деген үмітте. Парламент мәжілісінде партиядан 7 депутат бар екенін еске сала кетейік. Елордада өткен брифингте «Ақ жол» партиясының бағыт-бағдары,  Парламент сайлауы қарсаңындағы дайындығы айтылды. Мәлім болғандай, ақжолдықтар да праймериз өткізуге дайын. Өз ішінде іріктеу өткізу тәжірибесін президенттік сайлау барысында меңгерген партияға бұл таныс әдіс .

Ақ жол партиясы парламенттік сайлауда билік партиясынан кейін екінші орынды иеленген. Бүгінде партияның тіркелген 280 мыңдай мүшесі бар. Бірақ партия төрағасы бұлай санау дұрыс емес деп есептейді.  Партияға  қанша адам дауыс берсе, сонша қолдаушысы бар.  Соңғы сайлауда 600 мыңдай дауыс жинаған  «Ақ жол» партиясы жарты миллиондай мүшесі бар деп санайды. Ал Нұр Отан сияқты праймериз өткізіп, қатарын жаңартуға ақжолдықтар дайын екен.

Алдағы саяси науқанға қызу қамданып жатқан партиялардың қайсы болмасын парламенттен үміттері зор. Бүгінде Парламент Мәжілісіндегі 107 депутаттың жетеуі ақжолдықтар. Алда Парламент сайлауы тұр. «Ақ жол» партиясы жоғарғы заң шығарушы органдағы депутаттарының санын екі есеге жеткізсек дейді.

Брифинг барысында Ақ жолдың билік партиясынан айырмашылығы қанадй деген сауал қойылған еді. Партия серкесі кезек-кезеңмен монополиядан кетіп, парламенттік билік құруды күшейтуге ат салысу мақсатымыз деген жауабын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.