0:00 / 0:00
Жедел жәрдем қызметінің медицина қызметкерлері барлығы дерлік үстемақы ала алмай отыр. Өздеріңізге мәлім, Президент коронавируспен күресте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық қолдау ретінде үстемақы төлеуді бекіткенді. Алайда, бұған медицина саласындағылардың бәрі бірдей ілікпеген. Елорданың жедел жәрдем қызметкерлері наразылық акциясын өткізіп, үсемақы төлеуді талап етті. Ресми тұлғалардың айтуынша, үстемақы тек ковидпен ауырған науқастармен тығыз байланыста болған дәрігерлерге ғана беріледі деп отыр. Алайда, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері мұнымен келіспейді. Үстемақының көлемі 425 мың теңгені құрайды
Нұр-Сұлтанның жедел жәрдем қызметкерлері наразылық акциясына шықты. Олар қауіпті індетпен күресте денсаулықтарына қауіп төнсе де жұмыс істеп жүргендерін айтады. Алайда, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері соңғы айларда дәрігерлерге берілетін үстемақыдан қағылған.Енді олар өздеріне тиесілі материалдық қолдауды талап етіп отыр. Тамыз айына дейін жедел жәрдем қызметкерлері түгел 425 мың теңге үстемақыны алып келген. Бірақ белгісіз себептермен, телефонда отыратын диспетчерлерге төленбей қойған. Тіпті жұмыс барысында ковид жұқтырып ауырғандары да бар.
Ал елорданың жеде жәрдем қызметінің басшысы болса, диспетчерлердің бас көтеруінен соң бұл мәселені шешіп жатырмыз деп ақталды.
Қазір қауіпті індетпен ауырған науқастарды емдеген дәрігерлерге ғана емес, рентген жасайтын дәрігерлерге де үстемақы төлеу қарастырылып жатыр екен.