Өткен жылдың 25-ші желтоқсанында адам қолынан қаза болған 32 жасар Қуаныш Ахметовтың өліміне кінәлілер түгелдей жазаланатын болады. Бұл туралы бүгін марқұмның апасы Бақыт Ахметова мәлімдеді.Естеріңізде болса жаңажылдық жиыннан шыққан шудан кейін жедел жәрдем қызметінің көлігінде алған жарақатының салдарынан көп қан жоғалтқан Қуаныш Ахметов о дүниелік болған еді. Оның өліміне айыпты деп танылған топтан бүгінгі таңда темір торда Абзал Әділов пен Аян Қапизов қана отыр. Күдіктілердің үстерінен бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодексiнің 106-бабы Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қаралған болса, енді 99 бап яғни кісі өлтіру фактісі бойынша іс қозғалатын болады. Қылмыстық іс енді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Естіріңізге сала кетеміз Абзал Әділов осыдан бірнеше жыл бұрын бір бүйрегін Шымкенттік аруға беріп донар болған еді. Марқұмның кісі қолынан қаза болғаны туралы мәлімет жанар жағармай бекетіндегі бейнежазбада сақталып қалған. Бұл іске полицейлер мен медбикелер және «Сова» күзет қызметінің өкілдерінің қатысы бар дейді марқұм Қуаныш Ахметовтың апасы Бахыт Ахметова: – Қалған 4 күдіктіні тек куәгер деп көрсеткен. Сонымен қатар сот үкімінде жазатайым адам қолынан қаза болды деп көрсетілген. Мен бұл үкіммен келіспеймін. Інімнің өліміне кінәлілер қатарында «Сова» күзет компаниясының қызметкерлерінің бар екені белгілі. Олардың ішімдік ішіп топпен шақыртуға шыққаны көрініп тұр. Сонымен қатар олардың інімді аяусыз соққаны да жазылған. Сол себепті мен бұл үкіммен келіспейтінім туралы сотқа өтініш хат жаздым. Енді менің інімді өлтірген топ мүшелері толықтай жазасын алады деген сенімдемін,– дейді марқұмның апасы Бақыт Ахметова.Сот үкімі қайтадан қаралады.