Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Несие кешірілсін

c 11:58, 17/09/2020 c 605

0:00 / 0:00

Жеке және заңды тұлғалардың несиелері кешірілсін. Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы Асқар Маминге осындай сауал жолдады, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары пандемия барысында табысынан айырылған жұмысшылар мен кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін айтты.Коронавирус таралған сәтте елде төтенше жағдай режимі, карантин және локдаун секілді шектеулер енгізілді. Бұл шаралар аурудың ерекше қарқынмен дамуын тоқтатуға септігін тигізді. Дегенмен, пандемия барысында  жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің кірісі  төмендеді, табысын жоғалтты. Карантин барысында 4 миллионға жуық адам жұмыссыз қалды.

Карантин кезінде шағын және орта бизнестің  өндіріс көлемі күрт төмендеді. Қоғамдық тамақтану – 53%-ға, бөлшек сауда – 45%-ға, көлік – 37%-ға табысын жоғалтты. Бұл кәсіпкерлердің кәсіпорындарды жабуға, банкроттық жариялауға, банктермен сот ісін жүргізуге, жұмыссыздыққа әкеп соқты.  Ресми мәлімет бойынша, карантин кезінде 4 миллион 200 мың адам жұмыссыз қалды. Осылайша жұмыссыздық 46%-ға жетті дейді депутат Айқын Қоңыров. Коммунистер шағын және орта бизнестің, жеке тұлғалардың шағын несиелері тым ұлғайпы кеткенін айтады. Бұл несиені олар кәсібін айналдыруға, не қарызын жабуға алған. Бүгінде 3 миллионға жуық қазақстандық шағын және орта бизнесте ісін айналдырып жүр. Депутаттар өз кезегінде  елде шектеу шаралары енгізілгенге дейін тұрақты түрде салық төлеген, жұмыс орындарын құрған, қазір объективті себепке байланысты несиелерге қызмет көрсету бойынша күрделі жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды несие рақымшылығын жасау керек деген ұсыныс алға тартады.

Айқын Қоңыров – ҚР ПМД «Олар өмір сүруге қаражат таппай, қаржы институттарының қысымына ұшырауы мүмкін. Несие рақымшылығын әзірлеу аясында мемлекеттік комиссия құрып, несие аудитін жүргізіп, қаржыландыру көздері мен рақымшылыққа қатысушылар үшін критерийлерді анықтау қажет» 

Бұл орайда, депутаттар дамыған елдердегідей, қалталы азаматтарға салынатын салықты көбейтуді ұсынады.

Айқын Қоңыров – ҚР ПМД «Азаматтардың мұрасына және үстеме кірістеріне салық салуды ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін, яғни 30%-ға арттыруды, жеке тұлғалардың ақша аударымдарына салық салуды енгізуді, кампаниялардың таза кірісін шетелге сараланған салықпен 10%-ға дейін шығаруды, жылжымайтын мүлік объектілерінің саны үшеу және одан да көп, азаматтардың екі және одан да көп нысандарына коммерциялық жылжымайтын мүліктің әрбір объектісі үшін 2 еселенген коэффициентпен ірі шетелдік технологиялық компаниялардың жергілікті түсімінен 3%-дық цифрлы салық енгізуді ұсынамыз».

Депутаттық топтың сауалы үікмет басшысы  Асқар Маминге жолданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.