Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеміс берді

c 17:10, 16/09/2020 c 566

0:00 / 0:00

Алманың 200, жүзімнің 180 түрін өсіріп, арнайы бақта сынама жүргізіп жатырған бағбан Қайрат Кәрімов осы күзде алғаш рет өнім жинады. Мемлекеттік демеуқаржыға ие болған бағбан 2023 жылға дейін өз аумағын 45 гектарға дейін үлкейтуді жоспарлап отыр.Алмамен қатар Қайрат Кәрімов дәмі тіл үйірер жүзімнің 170 түрін сынақтан өткізуде. Ал келешекте өнеркәсіптік бақ егуді көздеп отыр. Осы мақсатта 85 гектар жер алыпты. Оралдық бағбанның бастамасына барынша қолдау көрсетілмек.
Мәселен, бағбан бағындағы алмалардың түрлері сан алуан элиталы көшет түрлері Грузия мен Ташкент сынды елдерден арнайы жергілікті жердің климатына орай әкелінген. Бірқатар жеміс ағаштары Ресей елінде де кездеспейтін көрінеді. Бағбанның өзі бір алманың салмағы алматының апортынан да асып, 400 граммнан жоғары болғанын айтады. Ең бастысы дәрумендер мен антиоксиданттарға бай, биохимиялық құрамының ерекше болуы ауа райына байланысты екен.Сергей Исаевтың атымен аталатын тәжрибелік бақта алдағы уақытта алманың өте сирек кездесітін түрлері өсірілуі мүмкін. Батыс өңірінің ауа райына шыдамды, мол өнім беретін жеміс түрлеріне таңдау жасалған. Өңірде барлығы 580 гектар аумаққа жеміс-жидек ағаштары отырғызылса, олардан жиналған өнім өткен жылы 2193 тонна болса, биылғы жиын-терін әлі аяқтала қоймаған. Сала мамандары Ақжайық алқабында жыл сайын жеміс-жидек бақтарының көбейіп келе жатқанын мәлімдеді.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.