0:00 / 0:00
БҚО-да апатты және ескі мектептердің орнына жаңа мектептер салу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биылғы жылы аймақ бойынша 33 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Олардың қатарына мектептер, балабақшалар және мектеп жанындағы интернаттар кіреді. Карантинге қарамастан құрылыс жұмыстары тоқтамай жүріп жатыр. Осындай су жаңа мектеп БҚО, Сырым ауданының Абай ауылында пайдалануға берілді.
БҚО - да 7 мектеп апатты жағдайда деп танылған. Апатты мектептерді сүру, орнына заманауи мектептер тұрғызу жолында бүгін жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Орал қаласының өзінде бірнеше мектепке күрделі жөндеу жасалды. Ал Ақжайық , Казталов, Сырым, Жәнібек, Бәйтерек, Бөкей орда аудандарында мектептер биылғы оқу жылына тапсырылды. Сондай білім ордаларының бірі Сырым ауданындағы Абай ауылының жалпы білім беретін орта мектебі.
Абай ауылындағы бұл мектеп 1987 жылы пайдалануға берілген. Содан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Бүгінгі күнге дейін ғимараттың іші де, сырты да адам көргісіз еді. Төбеден аққан су жұмыс жасауға мүмкіндік бермейтін. Енді қазір заманауи, кең ғимарат қолданылуға беріліп отыр. Бөлмелері жарық, таза жерде балалар биылғы оқу жылын бастаған.
Ел Президенті Қазақстан бойынша апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жоюды тапсырған еді. БҚО -да қазір 7 апатты мектеп бар. Биылғы жылдың өзінде облыс аумағында 33 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оларың ішінде 28 мектеп бар, қалғаны балабақша мен мектеп жанындағы интернат құрылыстары.