0:00 / 0:00
Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сауда министір Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ке өсті. Әіресе қарақұмық жармасы, қант, сәбіз бен картоп бағасы шарықтаған. Осыған орай пермьер министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге баға тұрақтылығын сақтауды жіті тапсырды. Бірінші, халықаралық астық нарығында қалыптасып отырған конъюнктураны ескеріп, ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, сыртқы жағдайға және азық-түлік қорының жеткілікті болуы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығына мониторингті жалғастыруы қажет. Екіншіден, "қайтарымды схема" арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру механизмін кеңейту, сондай-ақ, форвардтық сатып алу практикасын барлық өңірде енгізуі тиіс. Ал үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым тәртіппен іске асыру тапсырылды.
Жыл басынан бері елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсім барлық аймақта орын алды. Панедмия барысында табысынан айырылғандар үшін, күнделікті тұтынатын тамаққа бағаны өскені қиынға соқты. Нан, ұн, ет бағасы шарықтады. Ал жаз айларында көкөніс пен жеміс-жидектің де құны төмендемеді. Сауда министрлігі қазақстандықтар үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті экспорттауға тиым салудың арқасында бағаны ұстап тұрдық дейді. Жыл басынан бері азық-түлік 4,4 пайызға өскен.
Өз кезегінде үкімет басшысы импортпен келетін азық-түліктен арылу үшін, отандық өнімді арттыру қажеттігін айтты. Ал әкімдер мен министрлерге азық-түлік бағасын өсірмей, тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.Себебі, елде бағаның қымбаттауына еш себеп жоқ деді премьер.
Сауда министрі болса, бағаны тұрақтандыру аясында стационарлық емес сауда базарларын жаңғырту және сауда жабдықтарын сатып алу үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету, электрондық сауданы дамыту және ұлттық тауар өткізу жүйесін құруды ұсынды.