0:00 / 0:00
Облыста жол-көлік оқиғалары азайғанмен мас күйде көлік жүргізетіндер артқан. Аймақ басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында полиция қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мəселелері талқыланды. Былтырғы қараша айында өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігіндегі кейбір олқылықтарды жоюды көздейтін арнайы жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Соған сəйкес облыстың барлық аумағын қамтитын арнайы жұмыс жоспары мен жол картасы бекітілді. Кеңес барысында жоспарға сай атқарылған жұмыстар баяндалып, алға қойылған мақсат-міндеттер айқындалды.Ғали Нəжімеденұлы облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы құрылымдар құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Бірақ бұнымен шектеліп қалмай, қауіпсіздік шараларына серпін беру керек екенін айтты. Бұл ретте орындалған жұмыстарға талдау жасап, оның нəтижесі бойынша нақты басым бағыттарды айқындау қажет,- деді. Кеңес төрағасы алдымен сөз кезегін облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанболат Жаншинге берді. Жанболат Жасқайратұлы баян еткендей, биылғы 8 айдағы жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеген. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың да азайғаны көңілге бір медеу. Балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары да сирепті. Алайда желмен жарысып, жылдамдықты арттырып жүргізетіндер 76%-ға артқан. Сонымен бірге көлікті мас күйде жүргізетіндер саны 12,8%-ға өсіпті. Биыл жол бойындағы тəртіп күшейді. Енді ішімдік ішіп, рөлге отырғандар көлік жүргізу құқығынан бірнеше жылға айырылады. Бұл тəртіп айыппұл салып, тұрғындардың шығынын көбейту үшін қажет емес. Қайта қауіпсіздікті сақтауға, заң талаптарына мойынсұнуға шақыратын шаралар. Жалпы жолдағы қауіпсіздікті күшейту қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы билік көмек көрсетуге дайын, - деді өңір басшысы Ғали Есқалиев. Кеңес барысында Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков те шаһардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын баяндады.Кеңес барысында жол жүру ережесін бұзған азаматтардың аты-жөнін атауға, БАҚ-та жариялауға болмайтыны сөз болды. Кеңеске қатысушылар «бұл талапты алып тастау жөнінде жоғары жақтағы құзырлы құрылымдарға ұсыныс айту мəселесін қарастыру қажет» деген шешімге келді.Күн тəртібіндегі екінші мəселеде облыстық Полиция департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне оларды жою бойынша кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу барысы айтылды. Деректерге сəйкес, ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысы бойынша БҚО-да 101 пара алу жəне пара беру фактісі орын алған. Оның ішінде 83 факті полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған. Осы заң бұзушылықтар ішінде мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ешқандай факті орын алмағанын айта кету керек.