Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көмек сұрайды

c 17:44, 11/09/2020 c 519

0:00 / 0:00

7 баланың анасы оралдық Алексеева Марина бұқара халықтан көмек сұрайды. Жалғыз басты ана балаларын мемлекеттің берген жәрдемақысына асырап, жалдамалы пәтердің ақысын төлеп отыр. Отағасы- Ресейдің азаматы. Бүгінде пандемияның кесірінен шекара жабылып, Ресейлік ер азамат жанұясымен қауыша алмай отыр. 7 баласын өзі тәрбиелеп жүрген ана қалада тіркеуде жоқ. Сол себепті кейбір құжаттары рәсімсіз қалып, түгендей алмаған.

Оралдық Марина Алексееваның жанұясы пандемияның кесірінен зардап шегіп отыр. Бүгінде 7 баланың анасы, бүлдіршіндерін өзі асырап, бағып-қағуда. Кейіпкеріміз жолдасымен азаматтық некеде. Отағасы- Ресейдің азаматы. Марина мемлекет берген жәрдемақыға жалдамалы пәтердің ақысын төлеп, тамағын, балаларының оқу құралын сатып алады. Көпбалалы ана мен бүлдіршіндер қалалық тіркеуде жоқ. Сол себепті құжаттарын реттей алмай отыр.

Кейіпкеріміздің сөзінше, 2014 жылы ол баспананың кезегіне тұрған. Сол кезде 5000-шы болыпты. Бірақ 2019 жылы тұрғын үй заңнамасына өзгерістер еніп, Марина Артуровна 2020 жылы көпбалалы ана ретінде қайтадан баспана кезегіне тұрыпты.

Көпбалалы ана тіркеуге тұрып, құжаттарын реттеу үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды. 7 баланың анасына көмек қолын созам десеңіз 8-771-866-48-41 телефон нөміріне хабарласыңыздар.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.