Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтіледі

c 17:10, 09/09/2020 c 609

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтты. БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары да жолдауды қолдап отыр. Өкінішке орай, БҚО жемқорлық оқиғалары жиі тіркелетін аймақ болып тұр. Тіпті соңғы тәуелсіз зерттеудің нәтижесінде Жайық өңірінің алдыңғы орынға шыққаны бар.
ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында жемқорлықпен күрестің күшейетінін атап өтті. Мемлекеттік органдардың әсіресе, мемлекеттік бюджеттің ашықтығы талап етілетін болады. Президент жолдауын БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары да қолдап отыр.
Жемқорлық барлық салада бар. Қанша күресіп жатырмыз десе де, осы бір індеттен құтыла алмай-ақ қойдық. Соның ішінде соңғы үш жылда жемқорлық ісі бойынша құқық қорғау орындары алдына жан салмай келеді. Ішкі құрамды тәртіпке шақырып, тазалап жатырмыз десе де полиция қызметкерлері арасында парамен ұсталатындар саны азаймай тұр.Күні кеше ғана миграциялық полиция өкілі парамен ұсталғаны туралы ақпарат шыққаның білесіздер.Осы оқиғадан кейін БҚО Көші -қон полициясы басқармасында да біраз кадрлық ауыс - түйістер болған. Ал, қыста жол патрульдік полициясындағы пара алу оқиғасы кесірінен батальон басшылары түгелімен жұмыстан босатылған.
Президент бұл жолғы жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді 10 пайызға қысқарту керектігін атап өтті.Ондағы мақсат пайдасы жоқ бастықтарды азайтып, керсінше пайдалы кадрларды қалдыруды меңзеген еді. Алайда Ақжайық адалық алаңы жобасының жетекшісі керсінше керек мамандар қысқартуға ұшырап кетеме деп алаңдайтынын жеткізді. Әсіресе ауылдық жерлерде бір маман бірнеше жұмысты қатар атқаратыны бар.
Биылдан бастап жемқорлық үшін істі болғандарды мерзімінен бұрын босату шарасы тоқталды. Жемқорлық оқғалары болмау үшін қазір барлық саланы цифрландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қаншалықты тиімді болары уақыттың еншісінде .

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.