Орал қаласына Нұр-сұлтаннан кардиохирург мамандар келіп, бүлдіршіндердің жүрегін тексеріп жатыр. Астаналық дәрігерлер жыл сайын облыс орталығына табан тіреп, жүрегінде ақауы бар балаларды тексеріп, ота қажет сәбилерге жолдама береді. Бүгінгі таңда облыстық балалар ауруханасында 400-ден астам жүрегінде ақауы бар бала есепте тұр. Биыл республикалық орталықтың мамандары 21 батысқазақстандық бүлдіршіннің жүрегіне ота жасаған. Дәрігерлер кішкентай емделушілердің барлығы да отадан кейін оңалтудан өтіп, бақылауда болатынын айтады.