Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500 миллион теңге

c 16:29, 04/09/2020 c 757

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 500 млн теңгедей қаражат бөлінген. Бұл қаржы екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар мен жастарға және кәсібін дөңгеленту үшін берілмек. Азаматтарды жаппай жұмыспе қамтуға арналған бағдарлама 2017-2021 жылдарға арналған.

Үкімет осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыссыз жандарды жаппай қызметке араластыру үшін "Еңбек" бағдарламасын қабылдаған-ды. Осының аясында жұмыс жасамайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген адамдарды "Бизнес бастау" бағдарламасы арқылы оқытып, кәсіп ашуына мүмкіндік берілді. 2019 жылы осындай мүмкіндікті оралдық 30 бизнес субъектісі пайдаланған. Ол үшін 350 млн теңге бөлінген. 15-сі кәсіпті жаңадан бастаса, қалғаны істерін дөңгелентуге несие рәсімдепті.

Биыл осы мақсатта 500 млн теңге шағын бизнесті ашуға жұмсалмақ. Оның 100 млн-ы жаңадан кәсібін бастаған жандарға бөлінеді. Сала мамандары бағдарламаға қатысу үшін тиісті шараларды қабылдау керек,- дейді.

Бүгінде "Еңбек" бағдарламасының арқасында бизнес бастаған жандардың бірі-Айдана Қыстаубаева. Ол тұшпара, манты мен түрлі жартылай дайын өнім жасайтын цех ашқан. Жас кәсіпкер өнімдерін сату мен оны әдемілеп қаптауда қиындықтар бар екенін айтады.

12 млн.ға несие рәсімдеп, бүгін үш адамды жұмыспен қамтып отырған Айдана Қыстаубаева уақыт өте келе қызметін кеңейтіп, жұмысшылардың санын арттыруды жоспарлап отыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.