0:00 / 0:00
Қазақстанда тағы да қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баспасөз маслихатында айтты. Халық арасында, әлеуметтік желілерде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген деректер елдің зәресін алуда. Вице-премьер Тоғжанов, қазақстандықтарды жалған ақпаратқа емес, ресми мәліметке сенуге шақырды. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия карантинді одан әрі жеңілдету жайын қарастыруда.
Елде қауіпті індеттің таралуы саябырсыды. Денсаулық министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні өсім деңгейі 0,1 процентті құрап отыр. Дегенмен, ел арасында, әлеуметтік желіде қыркүйек айының 17 күні тағы да карантинге жабады, қазан айында ковидтің таралуы артып, жұқтырғандар көбейеді деген ақпар кең тарап жатыр. Халықтың мазасын кетірген мұндай жағымсыз ақпаратқа үкімет басшысының орынбасары нүкте қойды. Ералы Тоғжанов керісінше, карантинді одан әрі жеңілдетуді қарастырып жатырмыз деді.
Сондай-ақ, баспасөз маслихаты барысында Президент жолдауында айтқандай жаупаты хатшыларды қысқарту мәселесі қозғалды. Ммелекет басшысы жауапты хатшылар министрдің жұмысына кедергі жасап отыр дегенді. Саясаттанушылардың бағлауынша, Қазақстанда аппарат қызметкерлерінің саны көп, сапасы жоқ. Бюрократиялық кедергілер көп. Жолдауда тиімсіз мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту тапсырылғанды. Соның бірі жауапты хатшылар. Министрдің қызметін қайталап отырған жауапты хатшылардың жалақысы 830 теңгені құрайды.
Енді жұмсақ орнынан айырылған жауапты хатшылардың қайда баратынын министрлер өзі шешеді. Ал олардың міндеттері министрліктердегі аппарат жетекшілері атқармақ. Осылайша министрліктер екі биліктен құтылатын болды.