Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп кеңесі

c 18:21, 02/09/2020 c 607

0:00 / 0:00

Әдеп жөніндегі кеңесте Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдиновтің ісі қаралды. Аудан әкімінің орынбасары тиісті құжаттарды рәсімдемей, қызметтік пәтерінде келісім шартсыз тұрып келген. Және кеңесте аудан әкімінің орынбасары төтенше жағдай кезінде жанар-жағармайды пайдалану барысында тиісті құжаттарды рәсімдемегені де мәлім болды. Тексеріс кезінде 400 литр Аи 92 маркілі бензин мен 300 литрден астам дизельді отынның мөлшері жетіспейтіні анықталыпты.

Әдеп жөніндегі кеңесте Теректі ауданы әкімі орынбасарының ісі қаралды. Әкім орынбасары тексеріске дейін мемлекеттің үйінде тұру үшін тиісті құжаттарды рәсімдемей, тұрып келген. Шенеуніктің жұмысын жіті тексерген мамандар төтенше жағдай кезінде пайдаланған жанар-жағармайдың есеп-қисабы жоқ екені де анықталды,- дейді.

Әкімнің орынбасары тиісті келісімшартты рәсімдеу үшін үйдің құжаты дұрыс болмағанын айтады. Ал жанар-жағармайдың жетіспеушілігін былай деп түсіндіреді. Төтенше жағдай кезінде үш күннің ішінде блокпосттарды шұғыл түрде қою қажет болды. Сол кезде мамандардың жұмыс жасауына қажет құрал-жабдықтарды жедел тасымалдау үшін көліктерге дизельді отынды құйдық. Бірақ оның есебі жүргізілмеді,-дейді.

Әдеп кеңесінің мүшелері Теректі ауданы әкімінің орынбасарына қатысты "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түрінде жаза қолдану туралы аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Және әдеп кеңесінде 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама тыңдалды. Белгілі болғандай ішкі бақылау жұмыстары аудан мен қала деңгейінде біраз ақсап тұр. Департаменттің мамандары тексеріс жүргізгенде мемлекеттік қызметтің көрсетілуінде түрлі олқылықтарды анықтайды. Ал жергілікті жердегі мамандар тексерсе, қателік жоқ деген ұйғарым шығарады. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы осы қателікті түзету үшін аталмыш жағдайды облыстық әкімдікке хабарлау керек деген шешім шығарды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.