0:00 / 0:00
Орал қаласында саяжайда тұратын балалар қашықтан оқуға ілесе алар емес.Бүгін бір топ ата- ана саяжай аумағында интернет желісінің жылдамдығы тым төмен екендігін айтып, шағымданды.Наурыз айында жарияланған төтенже жағдай кезінде үйден оқыған балалар, сабақты азар аяқтаған екен.Ал, енді сол қиындықпен тағы да бетпе -бет келіп отырмыз дейді ата - аналар.Саяжайда тұратын балалардың жағдайымен аран тілшісі танысып келді.
Бұл Орал қаласындағы нөмірі бірінші саяжай.Бұл жерде 220 үй бар.158 үй қыстайды. Мектепке баратын бала саны да көп.Қазір балалар қашықтан оқу жүйесі арқылы білім алып жатыр.Елдегі жағдайға байланысты үйден оқуға мәжбүр.Бірақ саяжайдағы интернеттің әлсіздігі баланы да, ата - ананы да шаршатып жібреген.
Қала маңындағы ауылдар мен елді мекендер, саяжайлардағы жағдаймен қалалық білім бөлімі таныс.Жағдайды біледі.Қолдан келгенше шешу жолдары қарастырылып жатыр.Деркөл, Селекционный, Меловой горка, қала маңындағы саяжайлардағы балаларды уақытылы онлайн оқуға қосу үшін ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүріп жатыр деді қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары Бадика Пайдина.Саяжай аумақтарына қолайлысы теле 2 байланыс операторы екен.Ата -аналарға ескерте кетеміз, егер үйде қашықтан оқуға мүмкіндік болмаса, ата- ана баласы оқитын мектептің директорына хабар беруі керек. Барлық мектептерде қашықтан оқуға қажетті нәрселерді ұйымдастыру туралы тапсырма берілген. Олар баланы компюьтермен, интернетке қосылатын құралдармен қаматамсыыз етуге ат салысады деді қалалық білім бөлімі.