Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектепке жол

c 19:58, 27/08/2020 c 920

0:00 / 0:00

Елдегі пандемия барысында жаңа оқу жылы ерекше басталмақ. Әдеттегідей бірінші қыркүйекте құшағын гүлге толтырып, мектепке жол тартқан оқушылар қауымын толық қабылдау болмайды. Қазақстандық оқушылар қашықтықта  оқиды. Тек ата-аналарының қалауымен бастауыш сыныптарға ғана Алтын ұя мектебі құшағын ашпақ. Оның өзінде барлық санитарлық нормаларын сақталып, кезекші топта  15 баладан отырып оқитын болады. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 530 мың баланың ата-анасы кезекші сыныптарда оқуға өтініш білдірген.  Ал жалпы еліміз бойынша, жаңа оқу жылында 2,6 миллион оқушы онлайн оқитын болады.

Білім министрінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандық оқушылардың 80 пайызы яғни 2 млн 600 мыңы  қашықтан оқитын болады. 15 пайызы сыныпқа барамыз деп өтініш білдірген.  Елдегі қауіпті індеттің таралуы саябырсығанымен, көпшілік жиналатын жерге бармай, санитарлық норманы сақтау қажеттігі күнде айтылады. Дегенмен, жаңа оқу жылына дайындық барысында мектептер бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға мәжбүр. Бұл ата-аналардың өтінішімен қолға алынып отыр. Министр Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 530 мың бастауыш сынып оқушысы кезекші топта оқуға өтініш білдірген. Осылайша жаңа оқу жылы ерекше болайын деп тұр. Алғашқы қоңырауға тек кезекші топқа келетін оқушылар қатысады. Оның өзінде сынып сағаты өтеді. Елордадағы алдыңғы қатардағы мектептердің бірі 64 лицей басшылығы жаңа оқу жылына сақадай саймыз дейді. Биыл аталмыш мектепке 350 мың бала бірінші сыныпқа келгелі тұр. Ата-аналарының қалауымен соның 90 пайызы кезекші топта оқымақ.

Басты мәселе санитарлық норма сақталуы тиіс. Мектептің кіре берісінде антисептик  құрылғысы орналастырылған. 40 сынып бөлмесі дайын тұр. Сыныпта антисептиктер орналасқан Оқушылар мектеп еденіндегі сызбамен жүріп-тұрады. Сыныпта бір партада бір баладан отырады. Мұғалім сабақ барысында ноутбугін қосып қойып, үйден онлайнда отырғандар мен сыныпта отырған оқушыларға сабақты қатар жүргізеді.  Тіпті оқушылардың әжетханаға бару тәртібі де едендегі сызбамен белгіленген. Ал мұғалімдер түгел медициналық тексеруден өтті дейді директор. Ал онлайнда оқитын оқушылардың компьютері, смартфоны жоқтарды мектеп қажетімен қамтып жатыр. Аз қамтылған отбасылардың балаларына әкімдік тарапынан оқу –құралдары мен рюкзактар да беріліпті.  Ал егер  кезекші топта оқып жатқан оқушылар арасында вирус анықталса, мектеп толық жабылады дейді еліміздің бас санитары.

Осылайша педагогтер де ұстаздық ету міндетін ешбір жағдайға қарамастан атқаруға мәжбүр. Ал егер сабақ беру кезінде мұғалімнің  денсаулығына қауіп төніп, коронавирус жұқтырған жағдай тіркелсе. Ұстаздарға дәрігерлерге берілгендей өтемақы төлене ме деген сұрақ қойылып еді. Білім министрі «жоқ» деген жауап айтты.

Айта кетейік қашықта оқитын оқушылар үшін қосымша  «Ел арна» және «Балапан» телеарналарында  телесабақтар көрсетіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.