ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, Теректі ауданының әкімі болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды. Білімі жоғары. Әр жылдары- Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары сынды қызметтер атқарған. Еңбек тәжірибесі мол. 2018 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.