0:00 / 0:00
Орал қаласында республикалық "Мектепке жол" акцияға жалғасып жатыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмектесуді көздейді. Биыл жомарт жандар мен қала мектептері 4000 балаға көмек қолын созып, жоқ-жітігін қамтамасыз етуде.
Жаңа оқу жылы жақындаған кезде баласы мектепте оқитын жанұяларға оңай тимейтіні жасырын емес. Ата-ана мектепке баратын баланың оқу-құралын, киім-кешегін сатып алып, қалтасын біраз жұқартады. Оған қоса қашықтан оқу үшін қуаты күшті компьютер мен қалта телефонды сатып алып, жылдам интернеттің бағасын ай сайын төлеу қажет. Қазіргі жағдайда көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға оңай соқпайын деп отыр. Жыл сайын жомарт жандар мен қала мектептері бірнеше категория бойынша тізімде тұрған балаларға оқу-құралдары мен мектеп формасын алып беруге көмектеседі. Биыл да осы үрдіс жалғасын тапты.
№1 мектептің ұжымы жақында жолдасынан айырылған 7 баланың әкесі Ержігіт Хайрашевке көмектесті. Педагогтар балаларға оқу құралдары мен ұялы телефонды сыйға тартты.
Жалпы облыс орталығында меценаттар мен мектептер "Мектепке жол" акциясы аясында 4000 балаға көмек қолын созған.
Сурет ғаламтордан жүктелді.