0:00 / 0:00
309 адамның жағдайы ауыр және 70 науқастың денсаулығы өте нашар. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. Жалпы пандемия барысында коронавирус инфекциясымен 104 713 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастар саны 92 598 адамға (88,4%) жетті. 1 523 адам қайтыс болды. 10 597 адам ем қабылдап жатыр. Елде қауіпті індеттің таралуы төмендегенін байқауға болады. Соңғы бір тәулікте 175 адам COVID-19 жұқтырды. 84 адамнан пневмония анықталды. Өкінішке орай,коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 15 адам қайтыс болды.Коронавирус жұқтырған балалар арасында кавасаки синдромы анықталған 16 бара жағдай тіркелді.
Елде қауіпті індеттің таралуы тұрақтай бастаған соң, карантин талаптары жеңілдетілгені мәлім. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, эпидемиологиялық ахуал жақсарып жатыр. Ковид жұқтырғандар саны да төмендеді. Өкінішке орай қауіпті індеттен қатйсы болып жатқандар бар. Жалпы республика бойынша індеттен емделіп жатқан 10 мыңнан аса адамның арасында 309-ң ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып жатыр. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала індетке шалдықса, олардың 111-і – жаңа туған сәбилер. Коронавирус жұқтырған балалар арасында кавасаки синдромы анықталуда. Министрлік өкілі 16 бала осы синдроммен тіркелгенін хабарлап отыр.
Бағдат Қожахметов – ҚР ДСМ ресми өкілі "Соңғы күндері қазақстандық аналар коронавируспен ауырып шыққан балалардың Кавасаки синдромына шалдығу жағдайына алаңдап отыр. Байбалам салудың қажеті жоқ. Елімізде балалардың Кавасаки синдромымен жаппай ауыру фактісі жоқ. Бұл синдром коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық баланың тек 16-сында ғана анықталды"
Кавасаки синдромы анықталған балалардың барлығы кәмелет жасқа толмағандар. Ал санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Мектеп оқушылары қашықтықта оқитын болады. Алайда. ата-аналардың қалауымен бастауыш сыныптар үшін мектептерде кезекші топтар жұмыс істемек. Меткептерде санитарлық норма толық сақаталады деп сендіреді білім министрлігі. Ал денсаулық сақтау министрілігі болса мектепке барған балаларға тегін бетперде берілмейді дейді.
Дәрігерлер балаларда қауіпті індет жеңіл өтеді дейді. Елде індет жұқтырған балалардың 80 пайызында коронавирус жеңіл және сипмтомсыз өткен. Тек, 20%-інің жағдайы орташа және ауыр болды. Олар созылмалы ауруы бар балалар.