19- тамыз дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні. Осыған байланысты Қазақстандағы "Қызыл ай" қоғамы көмек сұраған жандарға арналған акцияны ұйымдастырды. Акция қала дүкендерінің бірінде өтті. Шараның мақсаты- мұқтаж жандарға көмектесу. Қордың өкілдері дүкенге келген тұрғындарға бетперде таратып, мүмкіндігінше азық-түлікті арбаларға қоюға үндейді. Бұған дейін "Қызыл ай" қоғамы 300-ден астам батысқазақстандыққа көмек қолын созған.