0:00 / 0:00
Күннен-күнге қауіпті індеттің таралуына қатысты статистика жақсарып жатыр. Науқастар жазылып шығып, коронавирусқа қарсы емдеген ауруханалар босап, індет жұқтырғандар саны азаюда. Бүгін елордадағы ірі провизорлық стационар вирусты пневмания жұқтырған соңғы науқасын емдеп шығарды. Бұл Нұр-Сұлтандағы нөмірі бірінші көпсасалы аурахана. Аурухана басшылығы провизорлық стационарын жауып, қалыпты жұмысына көшті. Жоспардағы науқастарын қабылдап жатыр. Жалпы республика бойынша соңғы тәулікте 267 адам қауіпті індет жұқтырса, 123 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы. Ал коронавирус белгілері бар пневманиямен 67 науқас тіркелді. Екі адам қайтыс болды.
Бүгін Нұр-Сұлтандағы №1 Көпсалалы қалалық аурухана коронавирус індет жұқтырып, ауруханада ем алып шыққан соңғы науқасты салтанатты түрде үйіне шығарып салды. 53 жастағы елордалық Баян жұқпалы аурулар ауруханасына 4 тамызда түскен. Оған дейін бір ай бойы өз бетінше емделіп жүре берген. Алайда денсаулығы нашарлай бастаған соң дәрігерге жүгінеді. Осы ауруханаға түскенде оған екі жақты вирустық пневмания диагнозы қойылған. Тиісті емін алып, аты жаман аурудан аман қалған ол, өмір сүргім келіп кетті дейді.
Елордадағы №1 Көпсалалы қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар ауруханасы болып бейімделгеннен бері 3 мың 800 аса адамды коронавирус індеті мен ауыр және орта деңгейлі пневмания диагноздарымен емдеп шығарды. Бұл уақыт аралығында стационарда 367 дәрігер күн-түн демей, тынымсыз еңбек етті. Енді міне айтулы аурухана індет жұқтырған соңғы науқасын шығарып салып, негізгі шаттық режимде жұмысын қайта бастады.
Марат Абдулов – Нұр-Сұлтан қаласы №1 көпсалалы аурухана директорының М.А «Бүгіннен бастап аурухана штаттық режимдегі қызметімізге көшеміз. Бұл астанадағы ең ірі стационар, көпсалалы аурухана. Науқастар жоспарлы емін алу үшін порталда кезекке тұрып, күтті. Бүгін жоспарлы түрде науқастарымызды қабылдап жатырмыз»
Жалпы республика бойынша соңғы тәулікте 267 адам қауіпті індет жұқтырды. 123 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы. Ал коронавирус белгілері бар пневманиямен 67 науқас тіркелді. Екі адам қайтыс болды.