Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайықтың жағдайы

c 18:11, 18/08/2020 c 531

0:00 / 0:00

Бірнеше жыл бойы Жайық өзенінің мәселесі көтеріліп келеді. Соңғы елу жылда трансшекаралық өзен суы азайды. Қорданған мәселені шешу үшін комитеттің өкілдері Ақжайық өлкесіне табан тіреп, каналдар мен су айдындарының хал-ахуалын қарап шықты.

Соңғы жылдары Орал-Көшімге келетін судың көлемі азайды. Бұған бірнеше себеп бар. Ауа-райының жайсыздығы, жауын-шашынның аз түсуі, өзен жағасы жиналмауы мен қамыстың өсуі және Ресей аумағында су сақтайтын қоймалардың салынуы судың көлемін азайтып отыр. Жыл сайын судың таяздану мәселесін қазірден бастап шешу қажет. Жайықтың жағдайын зерттеуге келген мамандар облыстың барлық аумағында орналасқан каналдарды тексеріп шықты.

Жалпы БҚО Жайық өзенінің жағасында 87 елді-мекен қоныс тепкен. Аталмыш ауылдарда 150 мың тұрғын өмір сүреді. Судың тапшылығы болуы мүмкін. Алайда мамандар биыл өзен суының көлемі өткен жылмен салыстырғанда артқандығын айтады.

Киров-Шежін каналын реконструкциялаудың 4-ші кезеңі барысында 8 насос орнатылады. Аталмыш құрылғылар секундына 13 текше метр суды бере алатын мүмкіндікке ие болмақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.