Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО жұмыс сапарымен республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгулов келді.

c 09:34, 17/08/2020 c 636

0:00 / 0:00

БҚО жұмыс сапарымен республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгулов келді. Аймаққа ат басын тіреген Адалдық алаңы жобасының жетекшісі алдымен Бөрлі, Теректі аудандарында болды. Және моноқала Ақсай қаласында болып бірқатар нысандарда мониторинг жүргізді. Адалдық алаңы кеңсесінің басты мақсаты жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жұмыс жасау. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігіне мән беру. Осы мақсатта аудандарды аралаған Төлеген Байгулов Ақсай қаласында бірнеше олқылықты анықтады. Ол қандай олқылықтар?
Ақсай қаласында ашық әкімдік жұмысы дұрыс ұйымдастрылмаған. Халыққа қол жетімді әкімдік емес деді Респбуликалық Адалдық алаңы кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байгулов.Ашық әкімдік жобасының басты мақсаты халықтың сенделіп жүруіне жол бермеу. Әкімдікке келген адам дереу проблемасын шешіп шығуы керек.Сонда елде жемқорлыққа жол берілмейді.Бірақ Ақсай қаласында бұл жағы ақсап тұр.Ашық әкімдік жұмысы уақытша тоқтатылған.Тұрғындарға отыратын жайлы орын дайындалмаған. Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы жоқ. Халық көшеде сенделіп жүр.Бұл үлкен қателік деді Төлеген Байгулов.
Пандемия кезінде халық сенделіп жүрмеуі керек.Өздеріне тиісті әлеуметтік көмекті де, қызметті де шұғыл алуы керек. Өздеріне жасалған сын ескертпені Ақсай қаласының әкімі жөндейтінін айтты. Ашық әкімдік жұмысы жанданады, халыққа қолайлы жағдай жасаймыз деді қала әкімі. Әкімдер алдарына келген халықтың мәселесін шешпей кері қайтармауы керек. Бұл да Адалдық алаңы жобасының басты талабы. Қазіргі таңда өзекті болып тұрған атаулы әлеуметтік көмек, 42500 - дің жыры, тұрғындарға үй салуға жер беру мәселесі бәрі дереу шешіліп отыруы керек , осы үшін әкім тиісті шараны жасауы қажет деді Төлеген Байгулов
Адалдық алаңы жобасының басшысы Ақсай қаласының әкіміне естейтін үкімет қағидасына ай жұмыс жасауды тапсырды.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.