0:00 / 0:00
Елімізде қауіпті індеттің таралуына орай енгізілген қатаң карантин талаптары жеңілдетілді. Алдағы дүйсенбі яғни 17 тамыздан бастап, премьер-министр Асқар Маминнің жетекшілігімен өткен мемлекеттік комиссия карантиндік шараларды жұмсарту туралы шешім қабылдады. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, карантиндік шектеулер барысында елде 830 мыңға жуық бизнес жұмыс істемей тұрды. Бұл шамамен 1,3 млн адамға қатысты. Қазақстанның бас санитары карантин жеңілдетіліп, бизнес толық жұмысын жандандырғанымен, демалыс күндері карантиндік шектеулер сақталып қала бермек деді.
Осылайша мемлекеттік комиссияның шешімімен 17 тамыздан бастап көп бизнес түрі жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Кәсіпкерлер палатасы бір жарым айға созылған қатаң карантин барысында 830 мыңға жуық бизнестің жұмысы тоқтап қалды. Бұл шамамен 1,3 млн адамға қатысты.Яғни осынша адам табысынан айырылды. Олардың бәрі бірдей 42 500 теңге өтемақы ала алмады. Енді бизенстің жұмысы қайта жанданбақ. Дегенмен белгілі шектеулер бар. Сауда үйлері , сауда желілері, жабық базарлардың толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс. Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Моншаларға да рұқсат бар. Біраөқ барлық жерлерде бассейннің жұмысына шектеу қойылды. Балабақшаларда кезекші топтар 15 баладан артық қабылдамауы тиіс.Ал жұмыс берушілерге қызметкерлердің 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылды. Ал ойын-сауық орталықтары, кинозалдар жұмысына, мейрамханаларда той өткізу, ас беруге тиым салынды. Еліміздің бас санитары карантиндік шараларды жеңілдетуге үш көрсеткіш себеп болды.
Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігер «Соның бірі – репродуктивті көрсеткіш, яғни вирустың бір адамнан таралу деңгейі. Қатаң карантинге дейін осы көрсеткіш R-1,72 болған. Бүгінде ол 0,78-ге дейін түсіп отыр. Бұдан бөлек, соңғы бір аптада 100 мың адамға шаққанда 80 науқас тіркелуі керек. Біз оны 73,7-ке дейін жеткізіп, орындап шықтық. Сонымен қатар, қайтыс болу көрсеткіші бойынша соңғы жеті күннің ішінде 2-ден төмен болуы шарт. Ол 1,67-ні құрап отыр. Міне, осы үш көрсеткішті орындап отырғаннан кейін карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге шешім қабылданды"
Есмағамбетова алдаығ дүйсенбіде карантиндік жеңілдетудің алғашқы кезеңі басталғанда санитарлық норманы сақтанбасақ, қатаң карантинге қайта ораламыз деп қорқытты.Бұл әсіресе кәсіпкерлік нысандарға қатысты болып отыр. Ал халық көпшілік жерге жиналмауы керек. Карантин талаптары жеңілдетілгенімен, демалыс күндері шектеулер сақталып қалмақ. Бас санитар демалыста неге локдаун сақталғанын түсіндірді.
Айжан Есмағамбетова – ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігер "Қол жеткізген оң динамиканы сақтау. Инфекцияның таралуына адамдардың тығыз байланысы себеп. Біз бәріміз демалыс күндері байланысу күшейетінін жақсы түсінеміз. Демалыста халықтың жүріс-тұрысы көбейіп кетеді. Сол сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар. Біз демалыс күндері негізінен адамдар жаппай жиналатын ірі нысандардың қызметін тоқтатамыз дегенде, алдымызда байланысты ажырату, азайту міндеті тұр. Бұл инфекция таралуын тоқтады деген сөз. Демалыс күндеріне локдаун енгізудің қарапайым логикасы осы".
Атамекен кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев демалыс күндеріндегі локдаун екі аптаға созылады, осы уақытта бизнестің жауапкершілігін байқайтын боламыз дейді. Ал сауда демалыс күндері қызып,40 пайызға дейін кіріс түседі. Алдағы екі аптада жағдай түзелсе, демалыстағы шектеулерді алып тастауды сұрайтын боламыз деп отыр бизнес қауымдастығы.