"Тасқала" автомобиль өткізу пунктінде құны 1,7 млн доллар болатын "Физиотенз" дәрісі тәркіленді. Аталмыш дәріні жүк көлігімен Ресейге ешбір рұқсат қағазынсыз алып өтпек болған. Бұл туралы БҚО экономикалық тергеу департаментінің мамандары хабарлайды. Олар келтірген дерек бойынша дәріні Алматылық компания алып өтпек болған. Рұқсат қағазсыз құны 2 млн. долларға жуық болатын дәріні алып, көрші елдерге жібермек болған компанияға қатысты сот әкімшілік құқық бұзушылықтың 463 бабына сәйкес 416 700 теңге айыппұл төлеуі керек деп үкім кесті.
Сурет ғаламтордан жүктелді.