Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды. Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 4 тамыз күні сағат 09.30-да қала шетіндегі «Ақсайжылуқуат» МКК-ның кәріз-тазарту құрылымы ғимаратында болды.Екі қабатты ғимаратта газ-метан жиналып, содан жарылыс болған. Соның салдарынан екінші қабаттағы қабырға мен терезе жақтаулары құлаған. Жарылыс орнында кәріз-тазарту құрылымы учаскесінің бастығы, 1961 жылғы азамат қаза тапты.