0:00 / 0:00
Мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамның үстінен ҚК-нің 24-125-бабының 2-бөлігі (адам ұрлау әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арна тілшілері оқиға болған кентке барып, мән-жайды қос тарап өкілдерінің өздерінен біліп қайтты.Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамның туыстарының сөзіне сенер болсақ, оның ақыл-есі дұрыс. Алайда алкогольдік өнімдерді тұтынатын көрінеді.Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Өздеріңіз байқағандай ойын баласын өзімен бірге ертіп бара жатқан ер адамның бұл әрекеті көңілге күдік ұялатады. Оқиғаның куәгерлері тұрғынжайларының жол бойында орналасуы себепті балаларды ешқашан өз беттерімен ойнауға жібермейтіндерін айтады.Қазіргі кезде қыздың анасының арызы Зачаган полиция бөлімінде тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Ер адамның үстінінен ҚК-нің 24-125-бабының 2-бөлігі (адам ұрлау әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталған. Күдікті орта дәрежелі мас күйінде болған. Қазір одан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынып, бостандыққа жіберілген. Бүлдіршіннің әкесі туған қызын айдың күні аманында, өзімен бірге ілестіріп бара жатқан бөгде жанның әрекетіне ызалы.
Аталған факті бойынша Зачаган полиция бөлімі жұмыстануда. Көп қабатты үй осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген болатын.