Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көгалдандыруда кемшілік көп

c 12:54, 24/07/2020 c 699

0:00 / 0:00

2020 жылы Орал қаласын көгалдандыру үшін бюджеттен 902 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы үш жылға арналыпты. Биыл тендерді екі компания ұтып алды. Құны 530 млн теңге болатын 4 лотты Жамбылдық компания ұтып, қазіргі таңда жұмыстанып жатыр. Ал қаланың орталығында егілген гүлдерді жергілікті компания күтіп ұстауы қажет. Сала мамандары осы компанияның жұмысын сынға алып отыр.

Биыл қаланың қазынасынан көгалдандыру үшін 902 млн теңге қарастырылған. Сала мамандары қыруар қаржы үш жылға арналған. 2022 жылға дейін тендерді ұтып алған компаниялар қала көшелерінде гүл егіп, тал-теректерді күтіп ұстауы қажет,- дейді. Биыл тендерді 2 компания ұтып алыпты.

Сала мамандары қаланың орталық көшелерінде жұмыс жасайтын компанияға көңілдері толмай отыр. Бағбандар гүлді күтіп ұстамайды,- дейді. Көгалдандыру жұмыстары ақсап тұрған компанияға арнайы хат та жолданыпты.

Сынға іліккен компания бәріне тендердің кеш ұйымдастырылуы себеп деп отыр,-дейді. Бағбандар жұмысқа маусымның 8-нде ғана кіріскен.

Бағбандар гүлді аптап қырық градус ыстықта емес, көктемде отырғызу қажет,- дейді. Мамандардан тендердің неліктен кеш ұйымдастырылғанын сұрадық. Жауап мынандай.

4 лотты ұтқан Жамбылдық компания сәуірде жұмысына кіріскен. Аталмыш компания Әзірбайжан көшесінде қылқан жапырақты терек отырғызыпты. Жаңадан отырғызылған талдардың біразы Оның 20 қурап қалған. Енді мердігер өзінің есебінен қураған ағаштардың орынына жаңадан тал егуі қажет. Гүлді күтіп ұстау бойынша сынға іліккен компания шілденің аяғына дейін барлық кемшіліктерді жойып, ескертпелерді толықтай орындауы шарт. Мамандар талаптар орындалмаса шартты бұзамыз деп отыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.