Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер жиналды

c 17:23, 22/07/2020 c 701

0:00 / 0:00

Карантин кезінде тақырға отырдық деген шағыммен Оралдық бір топ кәсіпкер қала әкімімен кездесті. Бизнес иелері күшейтілген карантиндік шаралардың 2 тамызда аяқталатынан күмән келтіріп, билік басындағалардан көмек сұрады.20-дан аса сауда үйлерінің иелері мен оларды жалға алушылар жиналған басқосуда көтерілген мәселе біреу-ақ. Ол карантиндік шаралар кезінде сауда нысандарының жұмысын тоқтатпау. Яғни санитарлық талаптарды бұзбаған бизнес субьектілеріне қызметін жалғастыруға жағдай жасу. Алдымен сөз алған кәсіпкер Аслан Өтепов санитарлық нормаларды сақтап қызметімізді жалғастырмасақ тақырға отырамыз дейді. – 4 ай бойы жұмыссыз отырмыз. Біздің отбасымыз бар. Несие пайызы өсуде. Санитарлық талаптарды сақтап жұмыс жасауға дайынбыз. Алайда тағы да сауда үйлерін жауап тастады. Ашық базарларға тоқтау жоқ.  5-ші тамызда қайтадан қызметімізге кірісетінімзге күмәндіміз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймыз,– дейді кәсіпкер Аслан Өтепов.  Естеріңзге сала кетеміз, жұмысын бастағанына бір айдан асқан  ірі сауда үйлерінің  қызметі 5-ші шілдеден бастап бас санитардың шешімі бойынша  қайтадан уақытша тоқтатылды. Оның негізгі себебі облыста каронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт көбейуі.  Осы орайда шектеу шаралары тұрғындар қауіпсізгі үшін қолға алынғанын ұмытпау қажет деп бизнес субьектілерінің иелерін сабырға шақырды БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев: - Бұл шектеулердің негізгі себебін белесіздер. Мәселен 1 маусымнан 21-ші маусымға дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1400 дерегі тіркелді. Ал бірінші шілдеден 20-сы шілдеге дейін 1000 жағдай. Енді қараңыз уақытша шектеу шаралары вируспен күресуде нәтижесін беруде. Сол себепті келеңсіздіктерге түсіністікпен қару қажет, -  деді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.  Жиын барысында БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов барлық жеңілдетілген шараларға тоқталды.Айта кеткен жөн карантиндік шараларды жеңілдету эпидахуалға орай ойластырылады. Ал 2-ші тамызда жағдайдың қалай болары сізбен бізге байланысты.  Бүгін облыста  «covid 19» инфекциясын 87 адам жұқтырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.